Балқаш сервис колледжі

Дата: 2021-11-17 15:00:21
Балқаш сервис колледжі

Қараша айында қаламыздағы «Балқаш сервис колледжіне» 9 сынып оқушыларымен саяхат жасалды. Саяхат барысында оқу ғимаратымен және жаныдағы жатақханамен танысып, ол жерде оқытылатын мамандықтармен танысты. Сонымен қатар аспазшы, шаштараз мамандықтарын оқып жатқан студенттердің жұмыстарына куә болды. Ал, ер балалар техникалық мамандықты дайындайтын аудиториямен және оқытушылармен таныстып қайтты.Сонымен қатар колледж оқытушылары өздері дайындайтын мамандықтардың қазіргі таңда қаншалықты сұранысқа ие екендігі туралы айтып өтті. Оқушылар саяхат барысында алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің қызығушылық танытқан мамандықтары туралы бір біріне айтып, үйлеріне қайтты.