Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын

Дата: 2018-05-10 10:29:05
Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын

08.05.2018 жылы № 17 мектеп-лицейінде Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынның жүргізушілері Павлов В.мен Начкепия М.сұрапыл соғыстың зардабы , ата-бабаларымыздың қан майдандағы жасаған ерен ерліктері туралы бейнебаян арқылы айтып өтті. Мильбрант Дарья мен 5 сынып оқушылары осы тақырыпта айтылған әндерімен жүректі тербетті. Қаза болған ардагерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды. Білім ардагері Смирнова Н.Н.өз сөзінде Р.Қошкарбаев сынды батырларымыз туралы әңгімелеп берді.Жиынға қатысушылардың барлығы дерлік ерекше әсер алды.

Автор: №17 ОМ