Дене шынықтыру мұғалімдерінің форумы

Дата: 2023-05-12 17:34:54
Дене шынықтыру мұғалімдерінің форумы

12 мамырда Қарағандыда дене шынықтыру мұғалімдерінің облыстық форумы өтті. Мектептің екі мұғалімі Косенкова Е.В. және Магер С.В., әдістемелік көрмеге, сессия алаңдарына қатысып, жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Командалық ойындарды іс жүзінде қолдану, олардың сабақтан тыс уақыттағы мүмкіндіктері талқылау алаңына айналды. Дене шынықтыру саласындағы білім берудің өзекті мәселелері көтерілген пленарлық отырыс форумның қорытындысын шығарды. Ұстазымыз Косенкова Елена Викторовна білім саласын дамытуға қосқан үлесі және еңбектегі шығармашылық табысы үшін Қарағанды ​​облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды! Құттықтаймыз!