ІІ аймақтық олимпиаданың жеңімпаздарына құрмет

Дата: 2023-04-17 14:05:20
ІІ аймақтық олимпиаданың жеңімпаздарына құрмет
2023 жылдың 29 наурызында біздің «Ә.Ермеков мектеп-лицейімізде» математикадан ІІ аймақтық олимпиаданың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Бұл іс-шара біздің дәстүрімізге айналды. Әлімхан Ермеков атындағы математика бойынша аймақтық олимпиадаға Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін және инновациялық мектептердің 9-11 сыныптарының жас математиктері мен Қарағанды облысы Ә.Ермеков мектептер альянсы қатысты. Олимпиада app.oqylyq.kz платформасында өтті, бұл Академиялық адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Әлімхан Ермеков атындағы математика бойынша ІІ аймақтық олимпиаданың барлық тапсырмалары авторлық болып табылады, оларды Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының профессорлары, математика ғылымдарының магистрлері құрастырған. Әлімхан Ермеков атындағы ІІ аймақтық олимпиаданың демеушілері «КОУНРАД» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ – қордың басқарма мүшесі Павел Тимофеевич Семенченко, Аглюкова Александра Александровна ұсынған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және "VR-house виртуалды шындық клубы"ЖК болды.
Келесі мектеп оқушылары олимпиада жеңімпаздары атанды:
Мақсұт Жансая, №9 орта мектеп, 9 сынып – 1 орын;
Ахметов Рамадан, Қарағанды қаласы, Ә.Ермекова атындағы М-Л, 9 сынып – 2 орын;
Зверик Кристина, №1 орта мектеп, 9 сынып, 3 орын;
Хасенов Тамерлан, Қарағанды қаласы, Ә.Ермекова атындағы М-Л, 10 сынып – 1 орын;
Құнанбаев Аңсар, Ә.Ермекова атындағы М-Л, 10 сынып – 2 орын;
Жұмажанов Нұртілеу Ақтоғай ауданы, Ә.Ермеков атындағы орта мектеп 10 сынып – 3 орын;
Жасұланов Аманат, М.Русаков атындағы мектеп-интернат, 11 сынып – 1 орын;
Бексұлтанова Жібек,Әл-Фараби атындағы орта мектеп, 11 сынып – 2 орын;
Жакупова Хадиша, Абай атындағы No2 МЛ, 11 сынып – 3 орын.
Бірінші орын алған жеңімпаздарға Samsung планшеті, екінші орынға Kounrad корпоративтік қорының сымсыз құлаққаптары табыс етілді. «Халық Банкі» АҚ үшінші және төртінші дәрежелі жеңімпаздарды рюкзактармен, күнтізбелермен және блокнотармен марапаттады. Оқушылардың ата-аналары осы олимпиаданың ұйымдастырушылары мен демеушілеріне зор алғыстарын білдіреді, біз өз тарапымыздан жеңімпаздармен мақтанамыз және жас ұрпаққа жаңа табыстар тілейміз!
 
http://<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fpermalink.php%3Fstory_fbid%3D1381919385933620%26id%3D100023467148984&show_text=true&width=500" width="500" height="781" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>