Әріптестерімен тәжірибе алмасу

Дата: 2022-10-31 17:57:38
Әріптестерімен тәжірибе алмасу

Биология мұғалімдеріне арналған күзгі мектеп аясында Почтар О.Ю. әріптестеріне «Молекулалық биология» бөлімін оқудағы олқылықтардың орнын толтыру жоспарын орындау бойынша жұмысын таныстырды. Мұғалімнің басты назары осы бағыттағы мәселелерді шешуге аударылды. Нақты деректерді білу, логикалық ойлау, стандартты емес жағдаяттарды шешу, сонымен қатар интерактивті жұмыс түрлері мұғалімнің іс-әрекетінің негізі болды. Ольга Юрьевна практикалық деңгейде көпдеңгейлік тапсырмаларды пайдалана отырып, олқылықтардың орнын толтыру үшін жұмыс жасап қана қоймай, жекелеген оқушылардың білім сапасын арттыруға болатынын көрсетті. Семинар әріптестерден жақсы пікірлер алды.