Тамыз конференциясына қатысамыз!

Дата: 2022-08-17 16:37:07
Тамыз конференциясына қатысамыз!
2022 жылдың 17 тамызында “Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін құндылықтарға бағыттап оқыту " тақырыбында тамыз кеңесі өтті. Конференцияда баяндама жасағандар қазақ тілінің жанашыр, жас ұрпақтың санасына құндылықтарды  сіңіре білу жолдарына аса көңіл аударды. Рауандина А.Қ. Абай атындағы ҚҰПУ, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымластырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты өз баяндамасында "Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың тілін дамыту жолдарын" әріптестерімен бөлісті. Қазақ тілін үйретудегі білім мазмұнының компоненттері: -лексикалық тақырыптар; 
- теориялық материалдар туралы айтып өтті. 
"Өрлеу" БАОУ аға оқытушысы Мукушева М.А. "Құндылықтарға бағыттау арқылы оқыту тәсілдемесіне " тоқталды. " Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары", " Оқу жетістіктерін ұлттық деңгейде бағалаудың жаңа моделі" туралы да айтылып өтілді. Осы конференцияда ой бөліскен әріптестеріміздің әдіс-тәсілдері, іс-тәжірибелерінен мол мағлұмат алынды. Әріптестерімізге еңбектеріне шығармашылық табыс, шынайы жетістіктер, шәкірт бойына тамаша құндылықтарды қалыптастыруда еңбектері шыңдала берсін деген тілек білдіреміз.