Жазғы мектеп-2022

Дата: 2022-07-12 12:40:35
Жазғы мектеп-2022
Ата-аналардың өтініші бойынша жалпы саны 130 адам болатын 8 топ іріктелді. Сабақтар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, негізгі пәндер бойынша аптасына 5 күн өткізіледі. 10 сынып оқушылары келесі бағыттар бойынша мемлекеттік аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындықтан өтті: "Математикалық сауаттылық" (аптасына 4 сағат); "Оқу сауаттылығы" (аптасына 4 сағат); "Қазақстан тарихы" (аптасына 4 сағат); Бейіндік пәндер бойынша (аптасына 2 сағат): "Биология", "Физика", "География", "Ағылшын тілі". Жазғы мектеп аптасына бес күн жұмыс істеді. Сабақтартың максималды саны – 5, ең азы-4. Сабақтың ұзақтығы-40 минут. Жазғы мектептің жұмысы келесі режим бойынша жүргізілді: 
1. 9.00. - 9.40. 
2. 9.45. - 10.25. 
3. 10.35. - 11.15. 
4. 11.20. - 12.00. 
5. 12.05. - 12.45. 
Сынып жетекшілері ата-аналар мен оқушыларды жазғы мектептің жұмысы туралы хабардар етті, ата-аналардан жазғы мектепке қабылдау туралы өтініш алды.