«Қарағанды облысының жас ғалымдарының Қазақстан ғылымына үлесі» конференция-көрмесі

Дата: 2018-01-03 14:46:09
«Қарағанды облысының жас ғалымдарының Қазақстан ғылымына үлесі» конференция-көрмесі

«Қарағанды облысының жас ғалымдарының Қазақстан ғылымына үлесі» конференция-көрмесі туралы

Ақпарат

12 желтоқсан күні Қарағанды Экономикалық университетінде Қарағанды облысы білім басқармасымен бірлесіп жас ғалымдардың, ЖОО студенттерінің, орта және орта арнаулы оқу орындары оқушыларының зерттеушілік және жобалық жұмыстары бойынша «Қарағанды облысының жас ғалымдарының Қазақстан ғылымына үлесі» конференция-көрмесін өткізді.Конференция-көрмеге экология, нанотехнология; қуат көздері; биотехнологиялар; ақпараттық технологиялар; инфрақұрылымды дамыту; педагогикалық инновациялар; құқықтық ерекшеліктер бағытындағы жұмыстар қойылды. Көрме-конференцияға мектеп-лицейден 9 оқушы қатысты, яғни 7 ғылыми жоба ұсынылды. Мектеп –лицейдің  жас ғалымдары ұсынған ғылыми жобаларын сәтті қорғап шықты. Конкурстық комиссияның шешімімен 10 А сынып оқушылары Кенжебекова Сымбат пен Сессиева Томирис «Жеңіске ұмтылыс» номинациясымен, сондай - ақ 11 А сынып оқушылары Жақсыбеков Ільяс пен Жақсыгелді «Қайталанбас тапқырлық» номинациялы арнайы дипломдарымен марапатталды. Қалған оқушыларға сертификат табысталды. Көрме-конференцияның қатысушыларының еңбектері арнайы жинақ болып шығарылады.