Кітап оқуды фотоға түсіру арқылы дамыту, мектеп оқушылары арасында көркем шығарма оқудың маңыздылығын арттыру мақсатында 2-7 сынып оқушылары арасында «Кітаппен біргеміз» атты кітап оқу акциясы өтті.

Дата: 2023-05-15 14:01:28
Кітап оқуды фотоға түсіру арқылы дамыту, мектеп оқушылары арасында көркем шығарма оқудың маңыздылығын арттыру мақсатында  2-7 сынып оқушылары арасында «Кітаппен біргеміз» атты кітап оқу акциясы өтті.

06.05.2023ж. Кітап адам өмірінде, оның қалыптасуында ерекше орын алады. Соның ішінде  балалардың ой-өрісінің кеңеюіне, дамуына кітаптың қосар үлесі зор. Қалың оқырман қауымды күн санап технологияның дамыған заманында, интернет-ақпарат кеңістігінде қалып қоймай кітапханаға тартудың өзі үлкен іскерлікті қажет етеді.  Кітап оқуды фотоға түсіру арқылы дамыту, мектеп оқушылары арасында көркем шығарма оқудың маңыздылығын арттыру мақсатында  2-7 сынып оқушылары арасында «Кітаппен біргеміз» атты кітап оқу акциясы өтті. Оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарымен фотоға түсіп, шығарма мазмұны бойынша ойларымен бөлісті. Әсіресе жауапкершілік танытып, кітапқа деген қызығушылығын көрсеткен оқушылар: 2Г Тілеуқұл Асхат, 3 Г  Мұқажан Мирас, Нұрлыбек Ерсін, 6 Б Тұрсынбек Еркеназ, Жақсылық Дильназ, Болатбек Аяжан.