«Қауіпсіз интернет» ақпараттық науқаны аясында пікірсайыс ойыны

Дата: 2022-04-14 17:02:21
«Қауіпсіз интернет» ақпараттық науқаны аясында пікірсайыс ойыны

14.04.2022 күні «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де «Қауіпсіз интернет» ақпараттық науқаны аясында пікірсайыс ойыны өткізілді. 

Интернет желісіндегі қауіпсіздік шараларын нығайту мақсатындағы пікірсайыс алаңының мақсаты: 

Бүкіләлемдік ғаламтор – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау; Білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

«Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы ақпараттық науқаны жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылды. Осы шаралардан соң оқушылар интернет желісін пайдалану қағидалары  мен дағдыларын жетік меңгерді.