Размер шрифта:

«Балаларға жол ережесін үйретейік!»

Дата: 2022-02-22 23:16:02

17.02.2022 ж.күні «Балаларға жол ережесін үйретейік!» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары Балқаш қаласының ювеналдық Полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановнамен кездесті.
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі-ең басты байлық. Сондықтан, балаларды жол жүру ережелеріне үйрету ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы.
Полиция инспекторы, полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановна оқушыларға сұрақ қою арқылы оқушылардың қаншалықты жол ережесін білетіндігін анықтай отырып, бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерін, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен) таныстырып, жол қауіпсіздігін түсіндіріп, маңызды ақпараттарды айтып өтті.