LS сабақтағы зерттеу-кәсіби қолдау. Педагог-зерттеушілердің шығармашылық тобының жұмысы туралы

Дата: 2022-02-22 14:56:42

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі-Lesson Study. Ол мұғалімдерге:күнделіктіге қарағанда білім алушылардың білім алғандығын анағұрлым анық әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге,оқыту нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп, қалай жоспарлау керектігін түсінуге, білім алушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылады. Зерттейтін сыныпты таңдауда, бастауыш сынып кафедра отырысының хаттамасы негізінде зерттеуге  4 «Ә» сыныбы алынды. Себебі, ол сыныпта оқушылардың оқу  дағдысының қалыптасуында қиындықтар болды. Оқу  дағдысының қалыптасуындағы қиындықтарды  шешу үшін зерттеу тобы ақылдаса отырып,  гуманитарлық  пәндерді таңдап алды. Проблеманы анықтау үшін зерттеуші  топтың отырысы болды. Алғашқы отырыста бірнеше қиындықтан ортақ проблема айқындалды. Сол проблеманы: «Оқушылардың оқылым дағдыларын жақсарту жолдары»-деп алдық.