Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы, 2008 жылғы 7 ақпан

Дата: 2013-11-09 07:09:57

  Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы

       Құрметтi қазақстандықтар!
      Менiң жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегiдей жетiстiктерiмiздi саралап, келешегiмiздi бағдарлауға, ең бастысы - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудiң дұрыс жолын бiрлесе айқындауымызға бағытталып келедi.
      Қазақстан халқына арналған  2006  және  2007  жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы мiндеттер туралы ғана емес, бiздiң дамуымыздың келешегi жайында да айтқан едiм. Осыған орай, әлемнiң бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтiк көшбасшыларын қалыптастыру негiзiнде елдi индустрияландыру мiндеттерi бiздiң басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.
      Үстiмiздегi жылы Үкiмет олардың орындалуы жөнiнде есеп беруi тиiс.
       Өткен жыл Қазақстан үшiн  жан-жақты экономикалық, әлеуметтiк және саяси  жаңару жолында тағы бiр сенiмдi iлгерi қадам жасаған жыл болды.
      Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетiстiктерiмен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.
      Ел  Конституциясына  енгiзiлген  өзгерiстер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлiн  арттыра түстi. Тәуелсiз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет  теңдестiрiлген негiзде парламент сайлауы өткiзiлдi.  Сайлауда  "Нұр Отан" партиясы  айқын басымдықпен жеңiске жетiп, алғаш рет  Үкiмет жасақтады.
      Әкiмшiлiк реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттiк органдар аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды.
      Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсiп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.
      Бүгiнгi күнге дейiн елiмiздiң айтарлықтай резервi қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жеттi. Осындай елеулi жинақтаулардың болуы елiмiздiң қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзектi рөл атқарды.
      Елiмiздегi әлеуметтiк ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттiк бюджеттiң бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Бiздiң 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттiк әлеуметтiк қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткiш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екi есеге артық.
      Бiз зейнеткерлерiмiздi қолдау көлемiн ұдайы арттырып келемiз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемi 1,1 триллион теңгеден асып түстi.
      Әлеуметтiк инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
      Бiз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткiздiк.
      Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында өткен үш жыл iшiнде 18 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл бiздiң жоспарымыздағыдан 2,2 млн. шаршы метрге артық.
      Жоғарыда аталынған қоғамдық өмiрдiң барлық салаларындағы iлгерiлеу серпiнi - бiздiң экономикамыздың өркендеуiнiң, сындарлы әлеуметтiк саясатымыздың және тұрақты саяси жүйемiздiң тиiмдiлiгiнiң айқын айғағы.

  Құрметтi депутаттар,
мәжiлiске қатысушылар, меймандар!

      Бүгiнгi әлемдiк конъюнктура нашарлаған жағдайда бiз рөлi өсе түсiп отырған мемлекеттiк холдингтердiң, даму институттарының, әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялардың  iшкi инвестициялық ресурстарын  белсендi етуге тиiспiз.
      Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менiң тапсырмам бойынша Үкiмет экономиканы орнықты өсiру бойынша шаралар қабылдады.
       Қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi мiндеттердi  мына басым бағыттарда шешу үшiн жұмылу қажет.
       Бiрiншi  - өндiрушi сектор.
       Мұнай-газ саласындағы басты бағыт  - мемлекеттiң  халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауапты қатысушы  ретiндегi ұстанымын күшейту.
      Бұл үшiн бiз энергетика саласының стратегиялық маңызды буындарына мемлекеттiң ықпалын дәйектiлiкпен күшейтемiз. Бiз қазiрдiң өзiнде Қашаған, Құмкөл мұнай кен орындарын, Богатырь көмiр разрезiн, т.б. игеруде қазақстандық үлестi ұлғайттық.
      Бұл бiз үшiн және  қосымша құн салығы үлесi жоғары дайын өнiмдi халықаралық рынокқа шығаруды  қамтамасыз ету үшiн аса маңызды.
      Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.
      "Самұрық" холдингi мен өңiрлiк әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациялар  тау-кен металлургия саласын тиiмдi дамыту мен оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру  жөнiнде нақты шаралар қабылдауы тиiс. Бұл үшiн қазiргi тау-кен металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн бiр жағына шығарып, оларды нақты басқаруға кiрiсу, сондай-ақ сирек кездесетiн металдарды қоса алғанда, қара және түстi металдардың барланған кен орындары қойнауын пайдалану құқығын өз қолымызға алуымыз қажет.
      Үкiметпен бiрлесiп, жаңа кен орындарын барлау мәселесiн шешу қажет.
       Екiншi  - экономиканың негiзгi секторларын  озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету.
      Үкiметке  электр энергетикасын, тасымалдау жүйесiн  дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл секторлар бүгiнде Қазақстан экономикасы дамуына анық "iлесе алмауда".
       Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету  саласындағы бiрiншi кезектегi мiндеттер Балқаш ЖЭС-iн, Екiбастұз ГРЭС-2-нiң үшiншi энерегоблогын, Мойнақ ГЭС-i және басқаларын салу құрылысы болып табылады.
      2009 жылы  "Қазақстанның Солтүстiгi - Оңтүстiгi"  жобасы бойынша қуат тасымалдаудың екiншi желiсi мен  "Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы"  қуат тасымалдау желiсiнiң құрылысын аяқтау қажет. Бұл Қазақстанның оңтүстiгi мен батысындағы қуат тапшылығын төмендетуге мүмкiндiк бередi.
      Республиканың оңтүстiк өңiрлерiнiң газға сұранысын тұрақты қамтамасыз ету үшiн  "Бейнеу-Шымкент"  магистральдi газ құбыры мәселесi мүмкiндiктерiн талдап, құрылысты бастау керек.
       Ақтау қаласында атом электр стансасын  салу бойынша нақты ұсыныстар енгiзу қажет.
      Үкiмет осымен бiр мезгiлде өзiнiң күш-жiгерiн  қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар  енгiзуге жұмылдыруы тиiс.
      Электр энергиясын барлық жерде бiрдей үнемдеуге бiздiң кәсiпорындарымыз бен азаматтарымыз әлi кiрiсе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиiспiз. Аз төлегiмiз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркiмнiң өз қамы болуы қажет.
      Үкiмет осы жұмысты кеңiнен қолға алуы тиiс.
       Темiр жол және автомобиль инфрақұрылымдарын  салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет.
      Бiз биылғы жылдың өзiнде концессиялық негiзде Шар - Өскемен темiр жолы құрылысын аяқтап, Маңғыстау - Баутино, Ералиев - Құрық  темiр жол желiлерi  мен Қорғас - Жетiген учаскесiнiң  құрылысын,  Мақат - Қандыағаш темiр жол учаскесiн электрлендiрудi бастауымыз керек.
      Жылжымалы құраманың тапшылығын төмендету үшiн үстiмiздегi жылы  отандық көлiктiк мәшине жасауды  дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеп, iске асыруға кiрiсуiмiз керек.
      Бiз барлық оңтүстiк облыстарды көктей өтiп, Қызылорда мен Ақтөбе арқылы Ресейге шығатын, өңiрлердiң экономикасын жандандыратын Қазақстандағы ең iрi көлiктiк жобаны -  "Батыс Еуропа - Батыс Қытай"  трансқұрлықтық дәлiздi iс жүзiне асыруды қолға алуымыз қажет.
      Бюджетке түсетiн салмақты азайту мақсатында, тұтастай алғанда,  концессиялық негiзде,  алдағы уақытта  ақылы  ету арқылы  Астана - Бурабай, Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас  автомобиль жолдарын, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма жолын салу мен қайта жаңғырту басталады.
      Концессиялық жобаларды тартымды ету мен жандандыру үшiн Үкiмет қолданыстағы  заңнамалық және нормативтiк базаны  жетiлдiруi тиiс.
       Үшiншi.   "30 корпоративтi көшбасшы"  бағдарламасын  iске асыру экономиканың шикiзаттық емес секторын iс жүзiнде дамытуға  ықпал етедi.
      Қазiрдiң өзiнде "серпiндi" аталудан үмiткер 100-ден астам жоба пайда болды. Ақтөбе облысындағы  үшiншi Жаңажол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинаттары мен мыс қорыту зауытын  салу, Павлодар облысындағы  алюминий зауыты  және  хлор мен каустикалық сода өндiрiсi зауытының  құрылыстарын одан әрi жалғастыру, Қарағанды облысында  сортты прокат өндiрiсi  мен  металлургиялық кремний  өндiрiсiн ұйымдастыру секiлдi экономикамыз үшiн айрықша маңызды жобалар және басқа да көптеген жобалар iске асырылып жатыр.
      Таяудағы уақытта Атырау қаласында  алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенiнiң,  келесi жылы Қарашығанақ кен орнының базасында  газ өңдеу зауытының,  Қостанай облысында жаңа алюминий зауытының құрылысы басталады.
      Бiз Астана қаласында  шина жасау кешенiн  құру, Астана мен Алматы қалаларында  логистикалық орталықтарды  дамыту,  поликристалл кремнийi  өндiрiсiн құру жөнiндегi жобаларды iске асыруды жалғастырамыз.
      Мен аса iрi нысандарды атап өттiм. Ал осы жылдар iшiнде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсiпорындар пайда болды. Шыны шығару өндiрiсi Қазақстанда ешқашан болған емес - бұл өте тапшы, қажет материал. Қазақстанда алюминий өндiрiсi де болған емес.
      Қазiргi кезде автомобиль құрастыратын, оның iшiнде жеңiл автокөлiктер де құрастыратын бес кәсiпорын жұмыс iстейдi. Бүгiнде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпiндi дамуда.
      Тұтастай алғанда, "30 корпоративтi көшбасшы" бағдарламасы мемлекет пен бизнестiң өзара iс-қимылын қағидатты жаңа деңгейге шығаруы тиiс.
      Бейiндiк министрлiктердiң, "Қазына" қоры мен өзге де холдингтердiң, сондай-ақ барлық деңгейдегi әкiмдiктердiң жұмысы, бiрiншi кезекте, "серпiндi" жобаларды жүзеге асыру көрсеткiшi бойынша бағаланатын болады.

* * *

      Дамудың жаңа кезеңi ел  агроөнеркәсiп кешенiнiң  алдына бiрқатар жаңа, аса маңызды мiндеттер қойып отыр.
      Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жеттi. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өстi. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттiң орасан қолдауы нәтижесiнде мүмкiн болды. Сiздер бiз табысты жүзеге асырған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасын жақсы бiл

Автор: №9 ОМ