Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай 5,6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби іс – шара

Дата: 2019-11-12 14:47:40
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай 5,6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби іс – шара
2019 жылдың 11 қазанында мектеп кітапханасында дала дауылпазы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай 5,6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби іс – шара өтті. Іс – шарада ақынның өлеңдерінен, поэмаларынан үзінділер оқылып, өмір жолынан видеолар көрсетілді, әндері тыңдалды. Мақсаты: жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен ақынның өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси – қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Автор: №9 ОМ