«Отбасы тәрбиесі –өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысының өтілуі туралы ақпарат

Дата: 2019-05-16 13:04:57
«Отбасы тәрбиесі –өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпыұлттық ата-аналар  жиналысының өтілуі туралы ақпарат

 2019 жылдың 15 мамырда мектебімізді  жалпыұлттық  ата-аналар  жиналысы болып өтті. Жиналысқа  1-11 сынып оқушыларының ата-аналары «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейрім» аналар мектебінің   мүшелері қатысты. Жалпы қатысқан ата – аналар саны 187.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.Ата-аналар жиналысын  мектеп директоры Г.Әби Халықаралық отбасы күнімен құттықтау сөзімен бастады.

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне:

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі

                   -       Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар;

-       11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;

-       оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;

-       білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеттері

-        Ата-аналардың орта білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне қатысуы (әкелер, аналар мектебі)

-       «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс» мәселелеріне тоқталды.

Автор: №9 ОМ