«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы ақпарат

Дата: 2019-04-10 10:53:48
«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы ақпарат

Мектепте 5-сәуір  күні  «Ғибрат» денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп, 9-11 сынып оқушылары арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті мектебіміздің дәрігері Джанбирбаева А., және «Ғибрат» денсаулық сақтау орталығының бөлім меңгерушісі Омаров Виталий Александрович және психологы Есмагамбетова Т.Т. өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізу.

Жиында  ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағза оған әлі дайын емес, әлеуметтік тұрғыдан бейберекет жыныстық қатынасқа түсетін жас қыздың алдында күтіп тұрған қиындықтар жайлы мәселелер талқыланды.

Оқушылар сұрақтар қойып, оның әрқайсына мамандар толық жауап берді.

Автор: №9 ОМ