«Біз зорлық-зомбылықсыз Үй үшін» атты дөңгелек үстел ақпараты

Дата: 2019-02-14 19:59:58
«Біз зорлық-зомбылықсыз Үй үшін» атты дөңгелек үстел ақпараты

2019 жылдың 14- ақпанында «Бақытты балалық шақ» акциясы аясында 8-9 сынып қыздарына «Біз – зорлық – зомбылықсыз Үй үшін» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынды «Мейірім» аналар мектебінің жетекшісі Әбдіғаппар Ү.С. ашты. Дөңгелек үстелге  Балқаш қаласы Ішкі істер бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы, полиция майоры Каримова Айнур Абдикасеновна қатысты. Каримова А.А. өз дәрісінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлерін атап, олардан қалай күресу және кімге жүгіну керек екендігін айтты. Және де «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынын 20 бабын атап өтті. Оқушыларға «Біз отбасының қауіпсіздігі үшін» атты парақшалар таратты. Парақшада зорлық-зомбылыққа душар болған жағдайда хабарласатын  ақпараттық-құқықтық көмек көрсететін облыстық мемлекеттік қызметтер, облыстық әлеуметтік қызметтер, зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтар, сенім телефондары берілген. Іс – шараны әлеуметтік педагог Тайкен А.Ф. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа Жоқ!-дейміз» атты ұранымен аяқтады.

Автор: №9 ОМ