Танымдық сабақ туралы ақпарат

Дата: 2018-12-05 12:20:31
Танымдық сабақ туралы ақпарат

28.11.2018 күні 1 - желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай  4 сыныптар арасында Н.Назарбаевтың  Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі тақырыбы аясында танымдық ойын  өткізілді. Бұл іс шараның мақсаты оқушыларға қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елдің азаттығын, еркіндікті аңсаған ата бабамыз  туралы және қазақ елінің өткені, бүгіні, болашағы туралы дәріптеу. Патриоттық сезімдерін ояту.  Танымдық сайыс 3 кезеңнен құралды. Оқушылар белсенділік танытып өз ойларымен бөлісті. Мәңгілік ел құндылықтарын атап өтті. Мұғалім  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі және еңбегі туралы кеңінен мағлұмат беріп өтті. Оқушылар рухани өздерінің білімдерін кеңейтті.

Автор: №9 ОМ