2018 – 2019 оқу жылдарынды үштілділік бағдарламасын іске асыру, білімді дамытудың ақпараты

Дата: 2018-11-29 10:37:34

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында «Көп ұлттылық пен көптілділік құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады» деп атап көрсетті. Үш тілде білім беру жүйесіне дайындық жұмыстары қызу жүруде. Ұстаздар тілді жетілдіруде 3, 6, 9 айлық курстарға қатысуда. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын тауып жатыр. Мектебімізде физика, биология, химия мұғалімдері ағылшын тілінде курстардан өтіп, А1,А2,B1 сертификаттарын алды.  2018 – 2019 оқу жылына мектепішілік жыл көлемінде өтетін жұмыстар жоспары құрылды. Жоспарға сай іс – шаралар жүргізілуде. Сонымен қоса, физика пәні мұғалімі Алтаева Гульфархад Хамиевна «Terminoiogy Of physics» тақырыбында 8 сыныбында, биология пәні мұғалімі Ботаханова Сауле Төлегеновна  «Terminoiogyof biology»тақырыбында 8 сыныпқа,  химия пәні мұғалімі Аханова Гульнар Кынаровна «Terminoiogy of chemistry» тақырыбында 7А,7Ә сыныбына бөлініп, элективті курс кестесі құрылды.                                        

Автор: №9 ОМ