«Қауіпсіз жаз-2018» акциясының қорытынды ақпараты

Дата: 2018-06-20 11:20:39
«Қауіпсіз жаз-2018» акциясының қорытынды  ақпараты

Жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытында жолда жүру, суда жүзу қауіпсіздігін алдын алу мақсатында 11 маусым күні «Қауіпсіз жаз-2018» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиын мектеп жанындағы «Балбұлақ» сауықтыру орталығының жетекшісі, тәрбиешілері және оқушылардың қатысуымен өтті.
12 маусым күні «Қауіпсіз жаз-2018» акциясын ұйымдастыру мақсатында «Жас жол инспекторлары» көлік жүргізушілер мен ата-аналарға, оқушыларға жолда жүру тәртібі, жол ережелері және жазғы демалыста суда жүзу ережелері туралы сұрақтар қойылып, тыйым салу туралы нұсқаулық жаднама парақшалар таратылды.
13.06 күні «Жас жол инспекторлары» саптық сайысы өткізілді. Сайысқа 2 топ қатысты.
14.06 күні оқушылар арасында «Жұқпалы аурулардың алдың алу» тақырыбында сұхбат жүргізілді. Оқушылар бір-бірлерімен өз ойларын бөлісе білді.
18.06 күні «Жас өрт сөндірушілер» дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар өрт қауіпсіздігі туралы ойларын ортаға сала отырып, өз ойларын суретке түсіре білді. Оқушылар өздерінің салған суреттерін көрсетіп, түсіндіріп өтті.

Автор: №9 ОМ