«Балбұлақ» жазғы сауықтыру орталығының 15 маусым күніне арналған іс-шаралардың ақпараты

Дата: 2018-06-19 11:02:14
«Балбұлақ» жазғы     сауықтыру орталығының 15 маусым   күніне арналған  іс-шаралардың ақпараты

15 маусым 2018ж  «Балбұлақ»  лагерьінің   ашылу  салтанаты.  Мақсаты: Балаларға сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Отанын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу, қоғамдағы жат қылықтардан сақтандыру.

Көрнекілігі:  Түрлі-түсті  шарлар,   гүлдер,  плакаттар.

  1.Бұл  күні «Жас дәуірдің түлегіміз» атты лагерьдің ашылу  салтанатты  жиыны  өтті. Балалар  лагерьге  көтеріңкі  көңіл-күймен келді.«Жас достар» атты  лагерьдің  ашылу  концерті мектебіміздің  думан  залында  өтті. Сахна  мерекеге  сай  безендірілген.

 2. Алақай,  жаз  келді!

   Маусым  айы табиғаттың  жайма  шуақ  берекелі  кезеңі. Айналаның  бәрі  жасыл  желек  жамылып  ерекше  бір реңге  енеді.        

     Қане  достар  танысайық. Балалар бір-бірімен  танысып, достасып  кетті. Балалар  Атамекен  әнін  шырқады. Түрлі топ «Танысудың ойын»  технологиялары

 «Тез, шапшаң, мықты» атты спорттық  ойындарын өткізіп  тамашалады.  Балалар асфальтта сурет салды

Автор: №9 ОМ