Интернетсіз бір күн акциясы аясында кітапханада өткізілген іс-шара

Дата: 2018-04-07 17:02:27
Интернетсіз бір күн акциясы аясында  кітапханада өткізілген іс-шара

Наурыз айының 17-күні Интернетсіз бір күн акциясы аясында кітапханада 5А сынып оқушыларымен «Туған жер – алтын бесігім» атты танымдық сабақ өтті.

Мақсаты: оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Танымдық сабақ  барысында оқушылар туған жер  туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар туған жер туралы мақал-мәтелдер айтып,  викториналық сұрақтарға жауап берді.

Автор: №9 ОМ