Алғыс айту күнімен

Дата: 2018-03-03 10:49:12
Алғыс айту күнімен

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. Елімізде тұңғыш рет аталып өтетін айтулы күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейтіні анық.

Алғыс айту күні – бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн.

Алғыс айту күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайтуымыз қажет.

Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Автор: №9 ОМ