Размер шрифта:

«Тілдер әлеміне саяхат»

Дата: 2018-01-20 13:34:31
«Тілдер әлеміне саяхат»

      Қаңтар айының 5-күні  «Тілдер әлеміне саяхат» атты тақырыпта бастауыш сынып оқушылары арасында ойын  өтті. 

         Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, шапшаңдығын, дағды мен икемділігін дамыту.  

Іс-шара барысында оқушылар ойынның бірінші бөлімінде мақал-мәтелдерде жетіспейтін сөзді тауып, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) айтып берсе, екінші бөлімінде  өздеріне таратылған фигураның ішін ағылшын  тілінде берілген түспен бояп және түстің қазақ және орыс тілдерінде баламасын атап өтті. Сонымен қатар экраннан берілген  ертегілер желісі бойынша суреттерге қарап ертегінің атын тауып, мазмұнын баяндап берді.

Келесі тапсырмада жұмбақтарды шешіп, жауаптарын 3 тілде айтып, ойынымыз одан әрі жалғасын тапты.

Автор: №9 ОМ