Латын әліпбиіне көшу - әлемдік үдеріске жақындау

Дата: 2017-10-24 06:04:46
Латын әліпбиіне көшу - әлемдік үдеріске жақындау

19.10.2017ж. кітапханада «Латын әліпбиіне көшу - әлемдік үдеріске жақындау» атты тақырыпта 9-11 сынып оқушылары арасында танымдық сағат өтті.

Мақсаты:  латын  әліпбиіне көшудің  басты қажеттілігін түсіндіру.

Іс-шара барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру  туралы  бейнебаян  тыңдалып,  кітапханашы Каукербекова Р. оқушыларға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды.

Латын әліпбиінің тиімділігі жайлы 11  сынып оқушысы Үкібай М. өз ойымен бөліссе, 9 А сынып оқушысы Қуанышова Г. әліпбиіне көшуде атқарылып жатқан мәселелерге ой жүгіртті.

Танымдық сағат  барысында   оқушыларқазіргі ұсынылып жатқан әліпби үлгісінің нұсқаларын қарастырып өз ойларымен бөлісті.

Автор: №9 ОМ