«Жыл мұғалімі-2017» қалалық байқауының екінші кезеңі туралы ақпарат

Дата: 2017-10-23 06:22:04
«Жыл мұғалімі-2017» қалалық байқауының екінші кезеңі туралы ақпарат

17 қазан күні №16 лингвистикалық мектебінде «Жыл мұғалімі-2017» қалалық байқауының екінші кезеңі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Дина Караевна  «Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі, Отан неден басталады?!» тақырыбымен 2б сыныбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар топтық жұмыстар жасап, «Отан» ұғымын жан-жақты қорғады. Отан жайлы мақал-мәтел, өлеңдер оқылды. Сабақтың бекіту бөлімінде оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, үлкен шаңырақты үй құрастырды. Кері байланыс рефлексия жасалып, бүгінгі сабақтың ұнаған тұстары жайлы өз ойларын ортаға салды. Сабақтың құрылымы жоғары деңгейде құрылып, тақырыбы ашылды.Келесі 3-ші кезеңге Дина Караевнаға сәттілік тілеймиз.

Автор: №9 ОМ