Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы

Дата: 2017-10-16 05:06:56
Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы

     Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым. Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр.  Осыған орайкітапхана меңгерушісі  Р.С.Каукербекованың ұйымдастыруымен  оқушылар арасында  «Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру» мақаласы  аясында    «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты кітап көрмесі, сонымен қатар 11 сынып оқушыларымен таным сабағы өтті.

         Мақсаты: М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.  Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, елін сүюге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

         Іс-шара барысында кітапханашы М.Әуезовтің  өмірі мен шығармашылығын таныстырып, жазушы туралы деректер бейнебаяннан  көрсетілді. Кеш соңында оқушылар өзара пікір алмасып, таным сабағында түйген ойларын ортаға салды. Заңғар тұлғаның ғибратты ғұмыры туралы білген жаңалықтарымен бөлісті.  

     Іс шара  кітап көрмесімен толықтырылып,  шолу  жасалды. Көрмеге жазушының шығармалары, ғалымдардың зерттеулері мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары қойылды.

Автор: №9 ОМ