Интернетсіз бір күн акциясы аясында кітапханада өткізілген іс-шара

Дата: 2017-04-18 09:49:26
Интернетсіз бір күн акциясы аясында  кітапханада өткізілген іс-шара

Сәуір айының 18 күні Интернетсіз бір күн акциясы аясында кітапхана меңгерушісі Р.Каукербекованың ұйымдастыруымен 7 сынып оқушыларымен «Кітап – білім бұлағы» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушылардың әдеби кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар кітаптың пайдасы  туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар кітап туралы мақал-мәтелдер айтып,  викториналық сұрақтарға жауап берді. 

Автор: №9 ОМ