«Бір аймақ – бір кітап» акциясы аясында өткен Б.Соқпақбаевтың «балалық шаққа саяхат» зияткерлік ойыны туралы ақпарат

Дата: 2017-04-14 05:46:50
«Бір аймақ – бір кітап» акциясы аясында өткен Б.Соқпақбаевтың «балалық шаққа саяхат» зияткерлік ойыны туралы ақпарат

Сәуір айының 13 күні 5-сыныптар арасында «Бір аймақ – бір кітап» аякциясы аясында Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі бойынша зияткерлік ойын өтті.

Мақсаты: Оқушының оқыған кітабынан алған әсері, ойын толық жеткізе отырып тіл байлығын кеңейту, кітап оқуға ынталандыру.

Ойын 3 кезең бойынша өтті. «Кім жылдам» кезеңінде Б.Соқпақбаевтың өмір жолынан, ал «Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңінде шығармадағы оқиғалар орын алған тарихи  кезеңдер бойынша сұрақтарға жауап берсе, «Ойлы болсаң озып көр» кезеңінде көне сөздердің мағынасын ашты. Ойын соңында оқушылар  жазушының балалық шағына саяхат жасағаннан кейін өздерінің балалық шағы туралы ойларын ортаға салды.

Ойын нәтижесі бойынша І орынға 5 «Ә», ІІ орынға 5 «А», сынып оқушылары ие болса, ІІІ орынды 5»Б» сынып оқушылары иеленді. 

Автор: №9 ОМ