Ақпарат Эстетикалық апталық

Дата: 2022-11-16 17:00:26
Ақпарат Эстетикалық апталық

16 қараша күні мектебімізде «Әсемдік әлемі» эстетикалық сауаттылық апталығы аясында 5 сыныптар арасында «Ән жұмбақ» тақырыбында музыкалық сайыс өткізілді. Сайыста оқушылар өздерінің білімдерін ортаға салып, бақ сынасты. Сайыс 5 кезеңнен болды. Әр кезеңде оқушылар өздерінің тапқырлығын, ұшқырлығын, музыкаға деген қызығушылықтарын,  өнерге деген сүйіспеншіліктерін және есте сақтау қабілеттерін  көрсете білді. Шараға жауапты музыка пәні мұғалімі - Шайзат Даулетовна Жакупбекова.

#uo_krg

#ҚОББТӘРБИЕ

@go_balkhash

# balkhash9мектеп

Автор: №9 ОМ