Ақпарат Әдістемелік кеңес №1

Дата: 2022-11-01 15:34:43
Ақпарат Әдістемелік кеңес №1
Қарашаның 1 күні №9 жалпы білім беретін мектебінде әдістемелік кеңес өткізілді. Тақырыбы: Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, жаңа технологияларды енгізу арқылы жан-жақты дамыған заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеу. Мақсаты: педагогтердің әдістемелік қоржындарын кеңейту, сапалы білім беруге жағдай жасау. Кеңесте 2022-2023 оқу жылында біліктілік арттыру курсын өткен ұстаздар мен жаңадан келген ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Химия пәні мұғалімі Алтаева Г.Х. педагогтерге QR-кодпен жұмыс жасаудың жолдарымен таныстырып өтті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Абаканова А.С. оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмаларды орындауды және 472 бұйрық бойынша ҚМЖ жазу дағдыларын ұштауға ат салысты. Сонымен қатар, Алтаева М.С, Бейсембай С.С., Хасенова А.О. өз сабақтарында қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерін ортаға салды. #uo_krg #ҚОББТӘРБИЕ @go_balkhash # balkhash9мектеп
Автор: №9 ОМ