«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты

Дата: 2022-11-01 10:57:32
«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты
Күзгі демалыс уақытында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында 2022 жылдың 31 қазаны күні мектеп мұғалімдері сағат 20.00 - 23.00 уақыт аралығында «Түнгі қала балалары» атты рейдтік шара ұйымдастырды.
Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық мекемелеріне, көл жағасына, көп қабатты үйлердің ауласына, яғни Ленина, Алимжанова, Бөкейханова, Сейфуллина, Желтоқсан көшелерінде, жертөрелерде және орталық саябақтарда ұйымдастырылды.
 Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ.
#балаларжылы09
#годребенка09
Автор: №9 ОМ