«Білім, еңбекқорлық, патриотизм білім берудің маңызды құндылықтары» тақырыбында сынып сағаты

Дата: 2022-10-31 12:57:15
«Білім, еңбекқорлық, патриотизм білім берудің маңызды құндылықтары» тақырыбында сынып сағаты

Қазанның 28 күні «Жыл мұғалімі» байқауының 2 кезеңі өтті. Бұл кезеңде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Назира Жасұланқызы Блалова «Білім, еңбекқорлық, патриотизм білім берудің маңызды құндылықтары» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты Әл-Фараби мектебінің 4ә сыныбында өтті. Берілген сынып сағатында ұстаз білім, еңбекқорлық және патриотизм құндылықтарының адам үшін маңызын аша білді. Сынып сағаты барысында Абай, Ыбрай, Мұқағали шығармаларымен жұмыс жүргізілді, түрлі жағдаят сұрақтар қойылып, көрініс қойылды. Балалар топта постер құрып, қорғады. Сынып сағаты қызықты, балалар белсенді болды.

#uo_krg

#ҚОББТӘРБИЕ

@go_balkhash

# balkhash9мектеп

Автор: №9 ОМ