Ақпарат Жыл мұғалімі

Дата: 2022-10-27 11:13:41
Ақпарат Жыл мұғалімі

27 қазан күні мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Назира Жасұланқызы Блалова қалалық «Жыл мұғалімі» байқауының 1 кезеңіне қатысты. 1 кезең талаптары бойынша қала көлемінде ашық сабақ берілуі керек. Сабақ 7 мектеп-гимназиясының 4 «В» сыныбына өткізілді. Сабаққа қатысушы комиссия мүшелері: Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі -Бектурганова А.О, 7 мектеп-гимназиясының директоры - Манатаева Г.М. және 7 мектеп-гиназиясының әдістемелік ісі өніндегі орынбасар - Аханова А.К. қатысты. Сабаққа жаратылыстану пәні таңдалынып алынды. Тақырыбы: «Жануарларды қалай қорғауға болады?» Сабақ барысында ұстаз топтық жұмыс, белсенді оқу әдістерін, формативті бағалау түрлерін және заманауи цифрлық платформаларды пайдаланды. Сабақ оқушылардың бойында туған жерінің фаунасын қорғауға баулиды.

#uo_krg

#ҚОББТӘРБИЕ

@go_balkhash

# balkhash9мектеп

Автор: №9 ОМ