Ақпарат ЕББҚЕО-дың ата-аналарымен жиналыс

Дата: 2022-10-17 09:38:43
Ақпарат ЕББҚЕО-дың ата-аналарымен жиналыс

14 қазан күні Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі»КММ қабырғасында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізілді. Мектебіміздің директоры Жолдасова Д.Т. ата-аналардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беру үшін ашық алаң әдісін ұсынды. Сонымен қатар, мектептегі әрбір ұстаз инклюзивті білім бойынша курс бітіріп, сертефикатталғаны жайында айтты. Кездесу барысында мектептегі дефектолог, логопед, педагог-психолог мамандары өз жұмыстары жайында ақпарат берді. Сынып жетекшілер өз тарапынан балалардың сыныптағы бірлігін ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыстарымен бөлісті.

Автор: №9 ОМ