«Мектепке жол» Республикалық акциясы

Дата: 2022-09-29 16:49:40
«Мектепке жол» Республикалық акциясы
Мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған мектеп оқушыларының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу. Бұл іске басқарма, түрлі мекеме, ұйымдар белсенді түрде атсалысып келе жатқанын айта кеткен орынды. Сол сынды ата-аналар, ұстаздар, кәсіпкерлер демеушілік көмек көрсетуде. Қуаныш пен күлкі сыйлап отырған барлық демеушілерге, ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз екенін білдіре отырып, Білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. #мектепкежол2022 #дорогавшколу2022 #балаларжылы09 #годдетей09
Автор: №9 ОМ