Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының ақпарат

Дата: 2021-05-22 11:59:29
Жалпыреспубликалық ата-аналар   жиналысының ақпарат
№9 жалпы білім беретін мектебінде 22 .05.21 күні қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейірім» аналар мектебінің мүшелері қатысты. Жалпы қатысқан ата – аналар саны 355. Мектеп басшысы Д.Жолдасова 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, оқушылардың жетістіктерін атап өтті. Соңғы қоңырау 9-11 сынып түлектері үшін болатындығын айтты. Ата –аналарға міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы айтылды. Егер балаңыз бірінші сыныпқа баратын болса, онда оның формасы қара көк болуы керек.Қалған сыныптардың оқушылары қазіргі кезде киіп жүрген формалары қысқарып калса, қара көк түсті мектеп формасын сатып алуларыңызға болады.Осылайша, бірыңғай түсті мектеп формасы кезеңмен енгізілетіндігін ескертті. 9-11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындыларын директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасарыД.Шакирова ақпарат берді. 9 сыныптан- 62 оқушы, 11 сыныптан 31 оқушы бітіргелі отыр.11 сынып оқушылары 4 пән бойынша емтихан тапсырады 1) Қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі) эссе түрінде ,2) Алгебра және анализ бастамалары жазбаша емтихан,3) Қазақстан тарихы бойынша тестілеу ,4) Орыс тілі пәні бойынша тестілеу түрінде болады, 9 сынып оқушылары 3 пән бойынша емтихан тапсырады Қазақ тілі мен әдебиеті (эссе), Алгебра (жазба жұмыс), Орыс тілі (жазба жұмысы).Емтиханға дайындық консультатциясына кесте бойынша келеді, оқушылар санитарлық нормаларды сақтау керектігін ескертті. 26.05.-19.06.21 күндері мектепте 1-10 сынып оқушыларына қосымша сабақтар беру үшін жазғы мектеп ұйымдастырылып жатқанын айтты. «Қауіпсі жаз» тақырыбында әлеуметтік педагог Тайкен А. баяндама оқыды.Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және құқығын қорғау туралы ақпарттар айтылды. Баланың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы ақпараттар беріліп, ата – аналарға жадынамалар ұсынылды. Мамандықты дұрыс таңдау – өз келешегіңді дұрыс бағыттау тақырыбында баяндама оқып, Балқаш көпсалалы, БГТК колледжінен келген мамандарға сөз берілді. #РУМЦДОМОНРК #МОНРК @karagandyoblysybilimbaskarmasy @goroo_balkhash @kopd_mon_rk
Автор: №9 ОМ