№9 жалпы білім беретін мектебінің «Директор сағаты» Ақпараты

Дата: 2021-04-01 15:49:55
№9 жалпы білім беретін мектебінің  «Директор сағаты»  Ақпараты

Балқаш қаласы №9  жалпы білім беретін  мектебінде 30.03.2021 күні 1-11 сынып оқушыларының ата- аналарына  «Директор сағаты»  өтті. Мектеп директоры Д.Жолдасова  жиналыс барысында ІІІ тоқсанның білім сапасына тоқталып, ІV тоқсанда жүргізілетін жұмыс жоспарымен таныстырды. ІV тоқсанда 6,7,8 сынып оқушылары мектепке келетіндігін айтты .Ата- аналарға оқушылар мектепте  санитарлық талаптарды сақтай отырып,сыныптарда оқитындығы айтылып, жұмыс істеу ережелері  түсіндірілді. Мектеп әкімшілігі  ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарына толық нақты жауап берді.

Автор: №9 ОМ