№9 жалпы білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беру мақсатында жүргізілген жұмыс ақпараты

Дата: 2021-02-11 09:26:25
 №9 жалпы білім беретін  мектебінің  кәсіби бағдар беру мақсатында жүргізілген жұмыс ақпараты

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты» жайында 10-11 сынып оқушылармен ZOOM платформасы арқылы кездесу өттіОқуға 16 жасқа толған мектеп бітіруші ер балалар әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, кіріспе емтихандарын нәтижелі тапсыратынын,  «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші» мамандығы бойынша даярланатынын ескертті. Институтқа түсу емтиханын тапсыруға келген талапкерлер казармалық жағдайда болады және сарбаз тамағының мөлшеріндегі бағадағы тамақпен қамтамасыз етілетіні жайында ақпарат берілді. Олар мамандықтар туралы мәліметтер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Автор: №9 ОМ