«Отбасы тәрбиесі –өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты қашықтықтан өткізілген ата-аналар жиналысының ақпарат

Дата: 2020-05-26 15:49:16
«Отбасы тәрбиесі –өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты қашықтықтан өткізілген  ата-аналар  жиналысының ақпарат
2020 жылдың 26 мамырда мектебімізді қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы ата-аналар жиналысын мектеп директоры Д.Жолдасова ашты. Жиналысқа 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейрім» аналар мектебінің мүшелері қатысты. Жалпы қатысқан ата – аналар саны 131. Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру. 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындыларын директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасарыД.Шакирова тоқталды. «Қауіпсіз жаз -2020» тақырыбында әлеуметтік педагог Тайкен А. баяндама оқып балалардың құқықбұзушылық жасағаны үшін ата- аналарының жауапгершілігі жайында, ата- аналардан қолхат алынды. Қамқоршылар кеңесінің төрайымы болып бекітілген Ақшолақова Г. сөз алып,қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен бірге отырып жұмыс жоспарын құрылып жыл бойы жасалған жұмыстарына тоқталды.Жиналыс соңынан мектеп ата-аналары өз ойлары мен пікірлерін айтты.
Автор: №9 ОМ