«Өзін-өзі тану»пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік

Дата: 2020-02-20 08:30:05

03.02-12.02.2020 ж. аралығында өткізілген «Өзін-өзі тану»пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ақпары. Қазақстанның Бірінші ханымы, «Бөбек»балалар қайырымдылық қорының Президенті, «өзін-өзі» пәнінің авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 79 жасқа толуына орай мектебімізде «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жоспары алдын-ала жасалды. 3.02.20 күні лездеме өткізіліп, мектеп оқушылары жоспармен таныстырыл- ып,агитбригада құрылды. 03.02.20 күні «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана,мейрім,бейбітшілік және достық туралы блалардың шығармашылық жұмыстарынан көрме қойды. 04.02.20 күні «Балаға жүрек жылуы» С.А Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді.5-сынып пән мұғалімі Қыбырат С 3-сынып пән мұғалімі Несіпбек М Мақсаты: Сүйіспеншілік,құндылығын мәнін ашу. 05.02.20 күні Музыка пәнінің мұғалімі:Сейфуллина Г. «Әң көңілдің ажары» атты балалар арасында байқау ұйымдастырылды. 06.02. 20 Осы онкүндік барысында 5-сынып оқушылары қалалық мұражайға және спорттық комплекске саяхат жасады. Мақсаты: оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани құндылықтарын қалыптастыру. 07.02.20 күні 10 күндік аясында «Сен де бір кірпіш дүниеге» тақырыбында мектебіміздегі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу ұйымдастырылды.Пән мұғалімі: Қыбырат С Мақсаты: балаларға,ізгілікке зәру жандарға көмектесу,көңіл-күйін көтеру,риясыз сүйіспеншілікке бөлеу. Кездесу барысында арнайы сый-сыйапаттар дайындалып,балаларға табысталды 10.02.20. «Алтын жүректі анамыз» тақырыбында 2-3 сыыптар арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. 11.02.20 күні мектеп кітапханашысы Р.А Исабаева «Мейірім төгетін ана» атты көрме әзірлеп, әр сынып оқушыларын Сара Алпысқызының еңбектерімен таныстырды және ол кісінің көздеген мақсаты адам өз бойына рухани -адамгершілік қасиеттерді терең сіңіру қажеттігін баса айтып өтті. 11.02.20 күні мектебіміздің би мұғалімі Кемелбекова А.Т «Қайырымдылық-жер бетінде!» атты флеш-моб өткізді. 12.02.20 күні « Жақсылық жасау әр адамның міндеті» атты такырыпта көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жан Бақытгүл татенің үйіне мектеп оқушыларымен бірге көмектесуге барды. Мақсаты:Балаларға ,ізгілікке зәру жандарға көмектесу, көңіл-күйін көтеру, риясыз сүйіспеншілікпен қызметете білуге үйрету. Міндеттері:1Балаларды көмекке мұқтаж жандарға көмектесудің іс жүзінде жүзеге асыру арқылы ізгілік туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды ізгілікті іс жасау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға жағдай жасау.Оқушыларды еңбекқорлыққа, адалдыққа, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу. 12.02.20 күні «Сүйіспеншілік-өмір негізі» атты жалпы респуликалық ашық сабақ қойылған болатын.Осы тақырыпта 8 «В» сыныбында пән мұғалімі:Қыбырат С ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілік туралы ұғымдарын кеңейтіп, ақиқат құндылығының мәнін түсіндіру. Сабақ мақсатына жетіп,жоғары дәрежеде өтті.