«Мен жасаған ойыншық» «Жол менің әлемім» деген тақырыпта көрме

Дата: 2019-02-14 11:09:21
«Мен жасаған ойыншық» «Жол менің әлемім» деген тақырыпта көрме

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2019 жылдың 12 ақпанында 5-7 сыныптар арасында  «Мен жасаған ойыншық» «Жол менің әлемім» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар өз қолдарынан жасаған туындыларын өткізді. Ойыншықтар өте әдемі, ауқымды, үлкен еңбекпен жасалған болды. Бұл көрмені мектепке келген ата-аналар тамашалады. Әділқазылар алқасы әділ бағалап, оқушылар лайықты орындармен марапатталып, түрлі номинацияларды иеленді.Көрме өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың еңбектері ұстаздар қауымын да таң қалдырды.