Ұлан сыныптарымен өткізілген оқу-дала жиыны

Дата: 2018-09-25 10:48:46

Ұлан сыныптарымен өткізілген оқу-дала жиыны
2018 жылдың қыркүйек айының 15 күні жоспарға сәйкес 8-9 ұлан сыныптарының оқушылармен дала-оқу жиыны өткізілді. Жиынға екі сыныптан 32 оқушы қатысты. Жиын сағат 07.30-да мектеп ауласына сапқа тұрғызылып, қауіпсіздік ережелерін оқушыларға түсіндіруден басталды. Оқушылар алдын-ала белгіленген маршрут бойынша, жаяу тәртіппен оқу-дала жиыны өткізілетін аумаққа, яғни №2 теміржол вокзалының аумағына барды. Жиын өткізілетін орын жаттығулар өткізу үшін тазаланып, оқу орындары белгіленді. Оқу-жаттығу келесі тақырыптармен өткізілді. Тактикалық дайындық, атыс дайындығы, азаматтық қорғаныс, топографиялық дайындық. Тактикалық дайындық кезінде ұландар оқпана жабдықтау, шабуылдағы, қорғаныстағы әрекеттер және ұрыс әрекеттері кезінде қамту, айналып өту бойынша әдіс-тәсілдерін орындады. Атыс дайындығы кезінде оқушылар тұрып, тізерлеп және жатып ату жағдайында атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату бойынша жаттығулар жасады. АК-74 автоматын толық емес бөлектеп жинады. Сонымен бірге пневматикалық винтовкадан нысана бойынша әрбір ұлан 4 оқтан атыс жүргізді. Азаматтық қорғаныс тақырыбы бойынша ұландар газтұмылдырықты уақытқа киіп, қорғаныш костюмдерін киіп газкомандаларын орындады. Топографиялық дайындық сабағында ұландарға азимут бойынша жергілікті жерде қозғалыс жасау, яғни алдын-ала берілген тапсырмаларды орындады. Жиын соңы қорытындыланып, жіберілген қателіктер айтылды. Сонымен қатар жиын кезінде өзін дұрыс ұстап, белсенділік көрсеткен оқушыларға алғыс жарияланды.