Ұлан сыныптарының Қарағанды қаласындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебімен кездесуі

Дата: 2018-04-24 12:38:56
 Ұлан сыныптарының  Қарағанды қаласындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебімен  кездесуі

   Жаһандану жағдайындағы қазақстандық қоғамға кіруге дайын, бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда жасөспірімдер арасында азаматтық-патриоттық   негіздерін қалыптастыру  мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Жалпы білім беретін №8 орта мектебі  «Ұлан» әскери-патриоттық қозғалысы»  жобасын қолға алған еді. Осы жобада Қарағанды қаласындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға отыру, аталған мектеп тәрбиеленушілерімен спорттық сайыстар өткізу көзделген  болатын. Таяу күндері мектеп басшысы А.Токейбекованың басшылығымен  мектебіміздің  ұлан сыныптарының бірқатары «Жас Ұлан»  мектебіне экскурсияға барып қайтты.  8-9 Ұлан сыныптарының  оқушылары  Жас Ұлан мектебінің бір күндік  тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы Жас Ұлан тыңдаушыларының  оқу-тәрбие  жұмысындағы тәжірибелерін  көріп танысты.  Іс-шара барысында, Жас ұландықтармен  біздің  ұландар арасында  футболдан жолдастық кездесу  ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен  бірге,  арнайы тирда мылтық ату сайысы  өткізілді. Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің  ұлан сыныбының  5 түлегі бүгінгі күні  осы аталған мектептің  тыңдаушылары болып отыр.  Балқаштық түлектермен кездесу барысында оқу орнының  тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары-басқарма бастығы  М.М.Садықбеков   мектебіміздің  ұландары жайлы  жақсы пікірлер  білдірді. Біздің қаламыздың мектептерінен қабылданған жасұландықтардың өте тәртіпті, зерек, жауапты екендіктері айтылды. Ал, ұлан сыныптарынан түскен жасұландықтардың физикалық, әскери дайындық деңгейлерінің жоғары екендіктері ерекше аталып өтті.  Бүгінде Жас ұлан мектебінің 11 сыныбында оқитын, бұрынғы ұлан Манатбек Бекболат қазірдің өзінде Ақтөбедегі ұшқыштар дайындайтын оқу орнына түсуге дайын екен. Осы мақсатта Бірнеше мәрте Астанада болып, арнайы дайындықтан өтіп те келіпті. Бұл хабардың өзі мектебіміз үшін зор мақтаныш екені сөзсіз. Кездесу  соңында   «Жас Ұлан» республикалық мектебінің басшысы полковник А.Балгабеков мырза  және Жалпы білім беретін №8 мектеп басшысы А. Төкейбекова екі жақты Ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойды.