Облыстық жалпы ата-аналар жиналысы

Дата: 2017-01-21 12:45:31
Облыстық жалпы ата-аналар жиналысы

   2017 жылдың 21 қаңтары күні  Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы А.Аймағамбетовтың төрағалығымен онлайн режимде  облыстық ата-аналар  жиналысы болды.  Бұл жалпы ата-аналар жиналысына мектебімізден жалпы  95  ата-ана қатысты. Жиналыста қаралған әр мәселені  ата-аналар  мұқият  тыңдады.
   Жалпы ата-аналар  жиналысының  соңында бұл мәселелер талқыланды.    Ата-аналар қаралған әр мәселеге бейқам қарамайтынын, бұл мәселе үнемі назарда ұсталу керектігін айтып өз пікірлерін білдірді.  Облыстық онлайн режимінде өткен ата-аналар жиналысына ата-аналар өз   ризашылықтарын білдірді.

Автор: №8 ОМ