Қалалық «Чирлидинг» сайысы өткізілгені туралы ақпар

Дата: 2016-12-08 10:29:21
Қалалық  «Чирлидинг»  сайысы өткізілгені туралы ақпар

  2016 жылдың   03 желтоқсан  күні  қалалық  «Чирлидинг»  сайысы өткізілді. Сайыс Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 25-жылдығына  арналды. Сайысқа  қала мектептерінен 10-15 оқушылардан тұратын 15 –топ қатысты. Сайыс барысында қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.С.Балапанова, ЖББ №8 орта мектебі директорының оқу-әдістемелік жөніндегі  орынбасары Т.Б.Әлкей, Оқушылар сарайының  хореографы О.А. Салодовникова  төрелік етті. Әр топ спорт элементерінің күрделілігін көрсету, киім үлгілерін сақтау, бірдей қимыл жасау арқылы өнерлерін көрсетті. Сайыс соңында 3 мектеп –интернатынан «Арабэск» тобы бас жүлдеге ие болды.1-орынды  ЖББ №17,4 ,2-орынды ЖББ№ 9,16, 3-орынды №24,15 және №2 лицей иеленді.