ҚР Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған салтанатты лездеме өткізілгені туралы ақпар

Дата: 2016-11-28 08:24:38
ҚР Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған салтанатты лездеме өткізілгені туралы ақпар

  2016 жылдың 21 қарашасы күні  жалпы білім беретін №8 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Ұлы дала елі- тәуелсіздіктің 25 негізі 25 жұлдызды күнінің ашылу салтанаты өткізілді.  Лездемені мектеп директорының міндетін атқарушы Т.Б.Әлкей ашып, оқушыларды   бүгінгі мерекенің бастауымен құттықтап, 25 жылдызды күннің алғашқы күні  алғашқы күні Қазақстан Республикасының Конституциясы тақырыбына арналғанын айтып өтті. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ.  Лездемеде 9В сыныбының  әзірлеген  үгіт насихат  тобы 25 жылдықтың тарихы бойынша таныстырып, 25 жылда жеткен жетістіктерімізге тоқталды.  Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғауларын жырлады.соңында 25 жылға арнауларын айтып, топпен бірауыздан  құттықтауларын жеткізді. Алғашқы Тәуелсіздікті баянды ету үшін   мемлекетіміздің тұғыпын биіктетуде  Елбасымыздың орны ерекше. 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне де 11 сынып оқушылары  «Ел және Елбасы » тақырыбында  сөз алды. Тарихи тәлімнен сабақ ала білген Елбасының даналығында да өткенмен сабақтастық тұнып тұр. Сондағы жылдан соң қолымыз жеткен азаттықты, тәуелсіздікті ала сала, Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру – тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі, көрегендігі деп  Елбасының өмірі мен еңбек жолын да  мақтанышпен айтты.