Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Қала күні» мерекесіне орай атқарылған іс-шаралар туралы ақпар

Дата: 2016-11-02 10:03:20
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  «Қала күні» мерекесіне орай  атқарылған  іс-шаралар туралы ақпар

    2016 жылдың  13-16 қыркүйек аралығында  қала күні мерекесіне орай  мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Жеңісім саған арналады» спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шаралар денешынықтыру мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізілді. Жоспарланған іс-шаралар бойынша  13.09 күні 8-9 сынып оқушылары арасында А.А.  Отарбаевтың жетекшілігімен  футбол жарысы  өткізілді. Оқушылар арасында жақсы тартыс болып, соңында «Алғыр» тобы алға шығып, марапатталды.
   Қыркүйек айының 14-і күні  Б.Ж. Қоңыровтың жетекшілігімен қыз балалар арсынжа баскетбол жарысы ұйымдастырылып өткізілді. 2- сағатқа созылған жарыс жеңімпаздары 8 Б сынып қыздары болды. Жарыс соңында  жеңімпаз топ алға шығып  мақтау қағызымен марапатталды.Жанкүйерлер топ жеңісіне қуанып құттықтап жатты.
   Сонымен қатар осы аталған мерекеге орай, 15-16  сы күндері тоғызқұмалақ,шахмат ойындарынан қызықты жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.Тоғызқұмалақ  үйірмесінің жетекшісі Б.С.Қаппар оқушыларға  ойын тәртібін түсіндіріп, жарысты бастап кетті.  Жарыс барысында  жеңген  ойыншылар келесі кезектегі ойыншылармен бақтарын сынасып,  жеңіске жетіп жатты.
   Сондай-ақ  кадет сыныптарының арасында  патриоттық сезімдерін көтеріп, қалаға  деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында  түрлі  әскери-спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Аталған жарысқа қатысқан жас ұландар  өз қаласына деген құрметті көрсетіп, ойын барысында нағыз шеберліктерін сынап көрсетті.
   Сонымен қатар, мектептің  үшінші абатында  «Балқашым -бағым» тақырыбында  «Алтын оймақ» үйірме қатысушыларының жасаған қолөнерлерінен  көрме ұйымдастырылды.
   Мектеп кітапханасында  қаламызың  осы күнге дейінгі тарихына шолу жасалып,бұрыш ұйымдастырылды.
   7- қыркүйек күні қалалық мерекелік іс-шараға  мектеп  оқушылары қатыстырылды.
   7 сынып оқушысы Гамзат Мерзат «Жаяу» әнімен сахнаға шықса, бастауыш сыныпоқушылары «Біз ғарыш әлеміненбіз» тақырыбында  көкеністер мен жемістерден композияция жасап қорғап шықты.Сондай-ақ  жемістер болып киінген оқушылрымыз  топтық биде өнер көрсетті.Ал. Астана аллеясында ұйымдастырылған асфальтта сурет салу  сайысына 4-сынып оқушылары қатысып қайтты. Мерекелік  көңіл-күй  әр баланың бойынан көрініп ,оқушыларымыз белсенділік танытты.