«Шебер қолдар» сайысы

Дата: 2016-06-14 05:12:31
«Шебер қолдар» сайысы

   Жазғы демалысты қызықты өткізуге ерекше назар аударылуда.Бүгінгі дүйсенбі күнге арналған «Шебер қолдар» сайысы өткізілді. Екі топ «Тұлпар мен сұңқар» арасында балалар ермексаздан, табиғи материалдан,бисермен түрлі -түсті заттар орындады. Әсіресе он саусағынан өнер тамған «Тұлпар» тобы көзге түсті.  Түсті қағаздан жасалған  жемістері, гүлдері, бисерден жасаған моншағы, ерекше бағаланды. Балалардың қолдарынан шыққан жұмыстары көрмеге қойылды. Сайыс аяқталып екі топтың тәрбиешілері балаларды жинап қалалық саябаққа барды. Саябақта «Өз жалауыңды тап» ойыны жүргізілді. Бес эстафеталық станция бойынша тапсырмалар берілді. «Сұңқар», «Тұлпар» II топ жасалған картаның кестесі бойынша бірнеше кедергілерден өтіп жалауды тауып алды. Би,секіру,логикалық тапсырмалар болды.II топ бірлесе отырып жеңіске жетті.Ойын өте қызықты өтті.