«Рәміздерім-мақтанышым!»

Дата: 2016-06-13 05:47:29
«Рәміздерім-мақтанышым!»

Жалпы білім беретін №8 орта мектебі жанындағы «Шағала» лагерінің  қатысушылары  2016 жылдың 04  маусым рәміздер күніне  мерекелік  іс-шараларға қатысты.  Еліміздің  рәміздерін  насихаттау  мақсатында лагерь  тәлімгері  Рысқұл Ә.Қ оқушыларға  «Рәміздерім-мақтанышым!» атты  іс-шара  жүргізді.  Бұл шара барысында  тәрбиеші Қалижанова Б.Р    лагерь қатысушыларына   рәміздер туралы айтып, оларды  түрлі  тәрбиелік шараларға белсене қатысуына ынталандырды. . Балалар  флешмоб  билеп , осы күнге тақырыптық агитбригада көрсетті. Мерекенің   соңында  оқушыларға  лагерь басшысы  тәтті сыйлық-балмұздақ үлестірді.Лагерь  демалушылары  көңілді қайтты.

 Сонымен қатар  сағат 12.00-де  мектепте  жалпы әнұран орындалды.